Жастар квесты
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының жастар қанаты «Өз елінді бес саусағындай біл» атты жастар квесті өтті.
Жастарды туған өлкенің тарихымен таныстырып, олардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған іс-шараға қатысқан 25 адам қаланың тарихи және мәдени жерлерін аралады.
Ойынға қатысушылар жүргізушінің қала тарихы бойынша қойған сурақтарына дұрыс жауап беруге, сондай-ақ, кәсіпорынның, мекеменің, ескерткіштің, демалыс аймағының және т.б. мекен-жайын тез табуға тырысты.
Ойын қызықты өтті, қатысушылар өздерінің ой-өрістерін, туған қалаларының тарихын үздік білетіндіктерін көрсете білді. Жүзден жүйрік шыққандар ұйымдастырушылар алқасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.