Депутатпен кездесу

 

А.ж. 19 тамызда “Қоғамдық келісім” КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Г. Дементьеваның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы А.Б. Әміренова, “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Е.Б.Нұғыманов, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің және облыстық Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел басында Наталья Григорьевна өзінің депутаттық қызметі туралы айтып берді. Қазақ тілін еркін меңгерген педагог ретінде ол білім беруді дамыту, балалардың құқықтарын қорғау, Қазақстан этностары өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқтады.

 

Кездесу барысында қоғамның заманауи мәселелері туралы еркін әңгіме өрбіді. Этномәдени бірлестіктердің басшылары депутаттың назарын отбасы институтын нығайтуға, жастардың бойында отбасылық құндылықтарды тәрбиелеуге, ауыл проблемаларына аударды. Атап айтқанда, Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г.Яндиев және «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М. К. Қиықов ауыл жастары арасындағы көші-қон мәселесі, дарынды жастардың шетелге кетуі туралы айтты. «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» ҚБ төрағасы Н.М.Нагачевская депутаттың және қатысушылардың назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінде тәрбиеленетін балаларды отбасылық орналастырылуына аударды. «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ төрағасы Р.с. Сулькарнаев ана мен балаға мемлекеттік қолдауды күшейту туралы айтты. Қандастардың Ақмола облыстық филиалының төрағасы Алтынгүл Мәден депутаттың назарын қандастарды орналастыру мәселелеріне аударды.

 

 

 

Дәл осы күні Н.Г. Дементьева Ақмола облысы Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті, онда отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды дамыту, балаларды тәрбиелеуде отбасының мәртебесін арттыру туралы әңгіме жалғасты. Күннің екінші жартысында депутат азаматтарды онлайн қабылдау жүргізді.