Оңтүстік Кореядан делегация

Ақмола облысына Оңтүстік Кореядан бір топ бизнесмендер жұмыс сапарымен келді. Олар өңірдің құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларын инвестициялауға, атап айтқанда Көкшетау қаласында тұрғын үй кешенін, аграрлық сектордағы объектілерді салуға дайын.

 

 

А.ж. 17 тамызда делегация облыстық Достық үйінде болып, өңірде тұратын этностардың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысты.

Қонақтар корей тілі кабинетінде тәнті болды, онда «Чинсон» корей этномәдени орталығының төрайымы Лим Людмила корей диаспорасының тілін, мәдениетін дамыту бойынша қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы айтып берді. Қазақ тілі кабинетінде қонақтарға қазақ тағамдары – бауырсақтар, қымыз ұсынылды.