Шеберлік-сабағы
«Қоғамдық келісім» КММ жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы құрамында 30 адам бар. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында тұратын этностардың мәдени мұрасын сақтаушылар мен тасымалдаушылары ретінде халық кәсіпшілігін, халықтық сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту.
«Қоғамдық келісім» КММ-де тұрақты түрде көрме залы жұмыс істейді. Мұнда шеберлер Одағы мүшелерінің жұмыстары қойылған. Сондай-ақ, одақ шеберлері мемлекеттік мерекелерге арналған халықтық сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының қалалық көрме-жәрмеңкелеріне қатысады. Оқу жылы барысында тәжірибелі шеберлер балаларды өз қолөнеріне үйретеді, шығармашылық мамандықтардың оқушылары мен студенттері, сондай-ақ жас әріптестер үшін жұмыс тәжірибесімен бөлісетін, шығармашылық қызмет дағдыларын беретін шеберлік-сабақтарын өткізеді.
Жақында Достық үйінің СҚӨ шеберлер одағының мүшесі Олеся Кочетыгова «фелтинг» немесе құрғақ киіз басу бойынша шеберлік-сабағын өткізді. Оның басшылығымен қолөнершілер мериностың түрлі-түсті жүнінен панно жасады. Бұл процесс негізінде тығыз негіз саналатын фетрге инемен жүнді толтыру және одан сурат шығару ісі жатыр. Шығармашылықтың бұл түрі балалар арасында өте танымал.