Достық үйіне экскурсия
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Қоғамдық келісім» КММ экскурсия жасады.
Полицейлердің пайымдауларынша, оларға Достық үйі немен айналысатынын, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайту бойынша қандай жұмыстар атқаратынын білу қатты қызықты болған.
Экскурсия барысында мекеме маманы Какпенова Динара этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық бола отырып, этностардың бірлігі, этносаралық келісім, жалпыазаматтық бірегейлік идеяларын қалыптастыру және ілгерілетумен, қазақстандық патриотизмді насихаттаумен, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізумен айналысатын облыстық Достық үйінің бүгінгі қызметі туралы айтып берді.
Полицейлер этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне кіріп, Ақмола облысы этностарының мәдениеті және салт-дәстүрімен, ҚХАА мүшелерінің, ЭМБ көркемдік ұжымдарының қатысуымен концерттер, дөңгелек үстелдер, дайындық шаралары өтетін хореография, көрермендер және конференц залдарымен танысты.
«Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ кабинетінде, оның төрағасы Р. С. Сулькарнаев этномәдени бірлестіктің құрылу тарихы, негізгі қызметі, қоғамдық бірлестіктің көркемдік және жастар ұжымдарының жұмысы туралы айтып берді.
Көрермендер залында қонақтарға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы қысқа метражды фильм көрсетілді. Экскурсия сәтті өтіп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы Мемарандумға қол қоятын болып келісті.