«Этноfashion» байқауының екінші кезеңі
Кез келген халық үшін ұлттық киім – бұл оның өзіндік ерекшеліктерінің, мәдениеті мен дәстүрлерінің көрінісі. Бұл жолы олардың сұлулығы мен бірегейлігін көрсетуге Степногорск қ., Атбасар, Зеренді, Сандықтау аудандарының командалары ерік білдірді.
«Қоғамдық келісім» КММ өткен «Этноfashion» байқауының екінші кезеңі ұлттық киімдердің жарқын түстерімен, ерекше көрсетілімімен, қатысушылардың әртістігімен таң қалдырды.
Ұлттық киімдердегі дефиле көрермендерге қайталанбас әсер сыйлады. Олардың эмоцияларына қарап, бұл киімдерді өздері де киіп көруге қарсы емес екендері бірден байқалды.
Ұлттық киімдегі нәзік қыздар, ұлдар – нағыз жігіттер. Сән сахнасына шыққан кезде олар әр костюмнің өзіндік сипаты бар екенін көрсетуге тырысты. Қазақтардың ұлттық киімдері ғасырлар бойы халық шеберлері өздерінің өнері мен таланты арқасында қалыптастыра алған барлық жақсы дүниені біріктіреді.
Қазылар алқасының қарауына қатысушылар авторлық коллекция заттарын да әкелді. Құрамында кәсіби сәнгерлер де бар қазылар алқасы, әр композицияның орындалуының күрделілігін атап өтсе, олардың ерекше пішімі, геометриялық ою-өрнектің ерекшелігі, ұсынылған костюмдердің түстік полихромиясы көрермендерді таң қалдырды.
Көрсетілім ұлттық музыкамен сүйемелденді. Домбыра мен қобыздың сазды дыбысы дефилеге ерекше сүйкімділік сыйлады.
Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары шеберлігін атап өтті. Бірінші орынды Атбасар және Зеренді аудандарының командалары өзара бөлісті. Барлық қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.