Тарих тағылымдары және қазіргі заман

А. ж. 17 наурызында облыстық өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің, оқушы және студент жастардың қатысуымен «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны аша отырып  «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары К.Ә. Уразбаева ел азаматтары тарих тағылымдарын ұмытпай, оларды әрдайым есте сақтаулары тиіс екенін  ерекше атап өтті. Тарихты білу әркімге қазақстандық қоғамдағы жалпыұлттық татулық пен бірлікті сақтау мен нығайтуға өз үлесін қосуға көмектеседі.

ҚР ТЖМ КТИ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры С. К. Қасымова қазақ ақындары Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтың Отандық тарих пен әдебиеттегі рөлі мен орны туралы айтты. Олардың поэзиясы замандастарына ғана емес, кейінгі ұрпаққа да оң әсер еткенін атап өтті.

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ тарих ғылымдарының кандидаты М. З. Өтегенов алашордылықтар  Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасов және басқалардың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлдеріне тоқталып, олардың қазақ тәуелсіздігінің іргетасын қалағанын атап өтті.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры А. Қ. Қапышев саяси өмірді демократияландырудың катализаторына айналған, қазақтардың ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал еткен қазақ ашаршылығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы әңгімелеп берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз тарихын білмейтін адамдар онда орын алған қателіктерді қайталауға мәжбүр болады деген пікірде болды. Оны білу қазіргі ұрпаққа өз халқының мәдени-тарихи дәстүрін игеруге, мемлекеттік тұтастыққа интеграциялануға, өздерін елінің толыққанды азаматтары ретінде тануға көмектеседі.