Кең ауқымды Масленица

Уақыт, әрине, өз заңдылықтарын жүктегенмен, өмір өз арнасымен ағып, түрлі мерекеге де уақыт табылуда. Осылайша, бүгін «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ «Русская песня» халықтық ансамблі ең көңілді және көптен күткен мерекелердің бірі Масленицаны – атап өту үшін Достық үйінде жиналды.

Масленица – бұл қысқы суық ауа-райының ұзақ кезеңінен кейін көктемнің басталуын күтіп, қысты шығарып салуға байланысты дәстүрлі мереке. Әдетте бұл әндер айтылып, билер биленетін, ойындар ойналатын және толтырылған Масленицаның қарақшысын өрттеумен тойланатын жаппай халықтық мереке.

Жағдайдың шектеулі болғанына қарамастан – бұл жолы да ән мен би де, әзіл өлең де, жұмбақтар да болды.

З. Авилова жетекшілік ететін «Русская песня» ансамблінің солистері мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, халық әнінің өміршең екенін және шығармашылық адамдарды ешқандай кедергілер тоқтатпайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Шара соңында бәрін үлкен тосынсый күтіп тұрды – Зоя Николаевна Масленица мерекесінен көптеген жылдар бойы фотосуреттер мен бейнежазбалар жинап, бүгін біз үлкен LED экраннан өткен жылдардың ең қызықты және күтпеген сәттерін көре алдық.