Тәуелсіздік бәрінен қымбат
“Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында біздің Президентіміз мемлекеттің аумақтық тұтастығы, оның шекаралары, жерге меншігі туралы нақты түсінік берді. Қазақстанның қазіргі аумағы, оның қазіргі шекарасы демаркациядан және көршілермен шарттарды ратификациялаудан кейін әлемнің барлық мемлекеттерімен танылды.
Біздер Қазақстанда тұратын орыстар, РФ Мемлекеттік Думасының қатардағы депутаты В. А. Никоновтың абайсызда айтқан сөздеріне қатты наразылық білдіреміз. Бұл әр түрлі шоулар аясындағы олардың рейтингтерін көтеру мақсатындағы сараң сөздер үшін тақырып емес, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік өзара қарым-қатынастардың негізі болып табылады. Және бұл тату көршілік қатынастарды қорғау керек.
29 жыл бойы біз әр түрлі этностар тату отбасы болып өмір сүріп, елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтаудамыз және өз Отанының патриоты болып табылатын славяндар да Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға өз үлестерін қосуда.
Біздің Президент Қазақстан – егеменді мемлекет және біздің жер халыққа тиесілі екенін және ешкімге, соның ішінде шетелдіктерге сатылмайтынын тағы бір мәрте қадап айтты. Ол тұтас және сақтаулы күйінде болашақ ұрпаққа берілетін болады.
Осиненко Геннадий, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының облыстық филиалының басшысы.