Футболшылармен кездесу
2019 жылдың 4 желтоқсанында «Қоғамдық келесім» КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының футбол командасының мүшелерімен кездесу өтті.
ҚХАА құрамасы сегіз елдің және халықаралық ұйымдардың спорт командалары қатысқан халықаралық футбол турнирінің жеңімпазы атанды.
Облыстық ассамблея жанынан құрылған «Ақмола жастары» спорттық қозғалысының мүшелеріне жетекшілік ететін «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы У. Ф. Шоназаров.
Умардың өзі де спортшы, және жастарды да дене шынықтырумен айналысуға тартуда.
Өзінің құттықтау сөзінде ҚХАА хатшылығының меңгерушісі Тохаева М. Ю. оған жастармен жүргізіп жатқан жұмысы, оларды спорт пен белсенді өмір салтына тәрбиелеп, бойларында азаматтық пен патриотизм сезімдерін жетілдіруде қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Кездесу соңында спортшыларға облыстық ассамблеяның алғыс хаттарын табыстап, оларға спортта биік белестерді бағындыруды тіледі.