ҚХАА активін марапаттады

А.ж. 22 қазанда “Көкшетау” сарайында Республика күніне арналған жұртшылықтың салтанатты жиналысы өтті. Мерекеге орай Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаев облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқан ақмолалықтарға марапаттар табыс етті.
Марапатталғандардың арасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бірлік” алтын медалімен ҚХАА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Марат Өтегенов марапатталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамоталарына ҚХАА жанындағы қолданбалы өнер шеберлері одағының төрағасы Гүлбара Нұрқанова,
“Хатиква” еврей мәдени орталығының төрағасы Владлен Погребицкий,
“Қоғамдық келісім” КММ жанындағы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының жетекшісі Милана Тарасова,
“Синегорье” көркемөнер ұжымының жетекшісі Ираида Пермякова ие болды.