Шеберлердің жастармен кездесуі

Республика күні қарсаңында, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағы мүшелерінің студенттермен кездесуі өтті.

Қолөнер шеберлері Г.Нұрқанова, К.Смағұл, У.Еменбаева өздерінің көркем шығармашылық өнерлерінің түрлері туралы айтып, кәсіби шығармашылық қызметтің қыр-сырымен бөлісті. Қолөнершілер киіз басу, тоқу, кесте тігу, әйелдерге арналған зергерлік бұйымдарды жасау, т.б. айналысады. Олардың өнерлеріі дарынды шеберлердің бір емес, бірнеше буыны жасаған көне дала мәдениетінің ғасырлық дәстүрлерін көрсетеді.

   Дәл осы күні Көкшетау қаласындағы Салтанат сарайында ҚХАА-ның Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері А.Ташенова, С.Бейсембаева, Е.Тарасова, Г.Орынбаева, Г.Ғаббасова құрылыс-техникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

       Жастармен кездесу барысында қолөнершілер өз өнерлерін айтып қана қоймай, моншақтан, матадан, киізден бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныбын көрсетті. Халық шеберлерінің жұмыстары студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.