Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні «Қоғамдық келісім» КММ-де Аналар кеңесінің мүшелері, ювеналды полиция қызметкерлері, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері үшін «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және нөлдік төзімділікті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Ұйымдастырушы – «Сенімен болашақ» РҚБ-нің Ақмола филиалы. Семинарға қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы сөз қозғады. Шараның модераторы, филиал директоры Айгүл Нурмаганбетова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек пен көмек көрсетудің құқықтық тетіктеріне тоқталды.

Талқылау барысында тыңдаушылар балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды нығайту мәселелерін көтерді. Семинарға «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Айгүл Нурмаганова  мен бас сарапшысы Айман Мусина қатысып, сөз сөйледі.