“Солнышко” тобы ерекшеленді
Республика күнін мерекелеу аясында Көкшетау қаласының № 6 орта мектебінің базасында жоғары сынып оқушылары арасында ұлттық киімдерді көрсету мен концерттік нөмірлерді орындау бойынша конкурс өтті.
Іс-шараға сахнада өнер көрсетуде үлкен тәжірибеге ие “Бари” армян мәдени орталығының “Солнышко” би тобы қатысты. Олардың ұлттық биі залдың қошеметіне бөленді. Қазылар алқасы олардың өнерін лайықты бағалап, топ жүлделі орынға ие болды.