Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларын Достық үйімен таныстыру
«Бірлігіміз – әралуандықта» жобасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық келісім» КММ Көкшетау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия жетекшісі ретінде жобаларды іске асыру және ҚХАА құрылымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Айгүл Жанбатырова сөз сөйледі, ол Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының, облыстық Достық үйінің қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметі туралы айтып берді.
Экскурсия барысында оқушылар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне барып, Ақмола облысында тұратын этностардың тұрмыстық заттарымен, ұлттық киім элементтерімен, олардың мәдениетін көрсететін дүниелермен танысты.
Чуваш этномәдени орталығының кабинетінде балалар қоғамдық бірлестік мүшесі Елена Тарасовамен әңгімелесті, ол чуваштардың мәдениеті мен әдет-ғұрыптары туралы айтып, олармен «Ұқсастықты тап» қызықты викторинасын өткізді.
Облыстық Аналар кеңесі мен қыздар клубтарының қызметі туралы оның төрайымы Айнагүл Жазиева айтып берді.
Экскурсия соңында тыңдаушылар «Қоғамдық келісім» КММ қызметі туралы бейнефильм тамашалады.