Журналистер клубының отырысы

А.ж. 24 маусымында «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының отырысы өтті. Дөңгелек үстел барысында журналистер ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында этносаралық тақырыпты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша журналистердің алдына қойылған міндет туралы пікір алмасты.
Клуб отырысында ҚХАА хатшылығының меңгерушісі Нариман Абдрахманов этножурналистиканың қазақстандық қоғамның бірлігін, этносаралық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, клуб мүшелерін этносаралық қатынастар саласында болып жатқан үдерістерді дұрыс және шынайы жариялауға шақырды.
Клуб төрайымы, аудандық «Зерен» газетінің редакторы Светлана Ким қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру туралы айтты. Ол бүгінгі таңда баспа БАҚ-тардың бәсекелес ортада екенін, оқырмандар үшін интернет басылымдарымен, атап айтқанда, оқырманға ақпаратты тез, бірақ көбінесе тексерілмеген, сенімсіз ақпаратты жеткізетін блогерлермен күресетінін атап өтті.

                                     
Бұл тақырыпты клуб мүшесі, республикалық «Лад» газетінің және «Русская Евразия» сайтының жетекшісі Максим Крамаренко жалғастырды.
Қазіргі жастар газет материалдарын аз оқиды, әлеуметтік желілерден көбірек ақпарат алады. Бұл аудитория үшін клубқа телеграмм-арнасын құру керек, – деп ұсынды Максим Борисович. Облыстық «Көкшетау бүгін» газетінің редакторы Олеся Жагпарова клуб құрамына қаланың танымал сайттарының жетекшілерін енгізуді ұсынды.

Сөз сөйлеген клуб мүшелері Абзал Балтабаев, Елена Вергун, Ырысалды Ахметқалиева, Вероника Бурда, Наталья Яковлева және т.б. өз жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісіп, әріптестерін өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін есте сақтауға – өз оқырманына шынайы ақпаратты адал жеткізуге шақырды, өйткені, қоғамның бұған құқығы бар.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында клубтың белсенді мүшелері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының атынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.