Жазушының шығармашылық кеші

Биыл жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев 70 жасқа толып отыр. Ол бүкіл еңбек жолын журналистикаға арнады.

     50 жылдық шығармашылық қызметінде кіші әдеби қызметкерден облыстық «Арқа ажары» газетінің редакторына дейін көтерілді. Соңғы жылдары жазушы қаламынан көптеген драмалық шығармалар шықты. Еліміздің сахналарында «Тернистый путь», «Мгновение ока» “Есігімді қаққан кім?” Бұлтты түнгі толған Ай» және т.б. пьесалары негізінде қойылымдар қойылды. Шығармашылық дарынды тұлға қазір де жазуды жалғастыруда, ел тарихындағы және адамдар тағдырындағы маңызды оқиғаларға толы өз шығармаларына біздің өмірімізден тақырыптар табады.

       Жабал Ерғалиұлының облыстық маслихаттың депутаты болуы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы оның шығармашылық өміріне кедергі жасаған жоқ. Бүгінде оның есімі республика жұртшылығына кеңінен танымал.

        Бұл туралы «Қоғамдық келісім» КММ-де өткен шығармашылық кеште оның әріптестері, достары, “Қазақстан Журналистер одағы” облыстық филиалының мүшелері еске алып, әңгімеледі. Бұл күні мерейтой иесі әріптестері мен оның шығармашылығына табынушылар тарапынан көптеген жылы лебіздер айтылып, тілектер жолданды.