Бимен жарысты
Ағымдағы жылдың 1 маусымында “Қоғамдық келісім” КММ аумағында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Қара Жорға” ұлттық биін орындау бойынша би батл өтті.
Батлға 7 команда қатысты – жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, Көкшетау қаласының № 17 , 18 мектеп оқушылары.
Іс-шараны ҚХАА облыстық Аналар кеңесі, облыстық мәслихат депутаты, “Санги Кабуд” тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Омар Шоназаровтың демеушілігімен Ақмола облысының “Ассамблея жастары” жастар бірлестігі ұйымдастырды.
Әр каманда “Қара Жорға”ұлттық биінің ерекше орындалысын көрсетті.
Тартысты жарыс нәтижесінде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
Бірінші орынды ҚР ТЖМ Азаматтық Қорғау академиясының “Арыстан” командасы, екінші және үшінші орындарды №17 мектеп-гимназиясының “Мәншүк” командасы және медициналық колледждің “Аруана” командасы бөлісті.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, қалған қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.Состязались в танцах.