Басты бетАҚТҰлт бірлігі – басты құндылық

Ұлт бірлігі – басты құндылық

Ерейментау ауданында ақпараттық-түсіндіру тобы мен жергілікті этнос өкілдерінің қатысуымен «Ұлт бірлігі – басты құндылық» атты екі күндік этнотур өз жұмысын бастады.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Ғабды-Сабыр Мұхамедди, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов пен бас сарапшысы Меруерт Қайыргельдина, сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Рүстем Құланбаев қатысты.

Бүгін этнотур аясындағы алғашқы кездесулер Майлан және Торғай ауылдарында өтті. Ашық форматтағы жиындарда тұрғындарға этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары түсіндірілді.

Кездесу барысында сөз алған Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Ғабды-Сабыр Мұхамедди бірлік пен қоғамдық келісімнің маңызына тоқталды:«Бірлік – ел дамуының ең басты тірегі. Осындай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, ортақ құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік береді», – деді ол.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов этносаралық татулықтың қоғамдағы рөлі туралы пікір білдірді. Сондай-ақ Меруерт Қайыргельдина ҚХА құрылымдарының өңірлік деңгейдегі жұмысының маңызын атап өтсе, полиция майоры Рүстем Құланбаев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Тұрғындар өз сауалдарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Әсіресе жастар арасындағы бірегейлік, ақпараттық мәдениет және қоғамдық келісімді нығайту тақырыптары кеңінен талқыланды.

Этнотур ертең де жалғасады. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық келісімді күшейтетінін атап өтті.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала