Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ жанынан Аналар кеңесі жүйелі түрде жұмыс істейді.
Құрылымы:
Өңірде барлығы 104 Аналар кеңесі қызмет атқарады, оның ішінде:
- 1 – облыстық деңгейде;
- 3 – қалалық деңгейде;
- 15 – аудандық деңгейде;
- 85 – ауылдық деңгейде.
Құрамы:
Аналар кеңесінің құрамына 1200-ге жуық белсенді әйелдер кіреді. Олардың қатарында әр түрлі этнос өкілдері, аналар мен әжелер, этномәдени бірлестіктер мүшелері, кәсіпкерлер, көп балалы аналар және қоғам белсенділері бар.
Төрағасы:
Жахина Айнұр Құрманбайқызы.
Негізгі қызмет бағыттары:
Аналар кеңесі қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық келісім мен бірлікті сақтауға бағытталған әлеуметтік маңызды жұмыстарды жүзеге асырады.
Іске асырылатын жобалар:
Аналар кеңесінің қызметі «Қоғамдық келісім» КММ-нің негізгі және өңірлік жобалары аясында жүргізіледі:
- «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»;
- «Салауатты сана»;
- «Инклюзивті Ассамблея»;
- «Ақ орамал»;
- «Әжемнің ертегісі»;
- «Сырласу шәйі» кездесулері.
Қорытынды:
Аналар кеңесі өңірде қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын қоғамдық құрылым болып табылады.
