«Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен өндірістік ұжымдарда қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту мақсатында Еңбек ассамблеялары құрылып, жұмыс істеуде. Бұл құрылымдар еңбек ұжымдары деңгейінде этносаралық келісімді қамтамасыз етуге, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға және мемлекеттік саясатты ілгерілетуге бағытталған.
Еңбек ассамблеяларының төрағалары мен қызметі туралы мәлімет:
1. Мусханов Жамул Вахитұлы
«Сандықтау» ЖШС директоры, «Зама» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, Сандықтау ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.
Табысты кәсіпкер және белсенді қоғам қайраткері. Өңір экономикасының дамуына үлес қосып, әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларды қолдайды, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларға қатысады. Сандықтау ауданында үлкен беделге ие.
Анықтама үшін: «Сандықтау» ЖШС өңірдегі тұрақты жұмыс істейтін асыл тұқымды шаруашылықтардың бірі болып табылады. Кәсіпорын қазақтың ақбас сиыры мен герефорд тұқымдарын өсіруге маманданған.
2. Ильюхина Марьям Турсуновна
Степногорск қаласындағы тау-кен химия комбинаты қызметкерлерінің «Профсоюз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.
2018 жылдан бастап кәсіподақ төрағасы. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға белсенді қатысады, қазақстандық бірегейлікті нығайтуға үлес қосады. Ұжым арасында жоғары беделге ие.
Анықтама үшін: 2025 жылғы 16 қазанда Ақмола облысында «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС базасында алғашқы еңбек ассамблеяларының бірі құрылды. Негізгі мақсаты – өндірістік деңгейде этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
3. Нұрмағамбетов Айбек Амангелдіұлы
«KAZROST ENGINEERING LTD» ЖШС (Көкшетау қ.) әкімшілік бөлімінің басшысы.
Белсенді қоғам қайраткері, әлеуметтік және мәдени бастамаларға қатысады. Кәсіпорын ұжымы арасында беделге ие. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Анықтама үшін: 2025 жылғы 9 желтоқсанда АНК-ның 30 жылдығы және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «KAZROST ENGINEERING LTD» кәсіпорнында Еңбек ассамблеясы ашылып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
4. Шурманова Жанна Дулатқызы
«Гормолзавод» ЖШС құрылымдық даму департаментінің басшысы.
Кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді қатысып, ұжымдағы келісім мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.
Анықтама үшін: 2026 жылғы 3 ақпанда «Гормолзавод» ЖШС базасында Еңбек ассамблеясының ашылу рәсімі өтті. Іс-шара «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен ұйымдастырылып, тараптар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қорытынды:
Еңбек ассамблеялары өндірістік ұжымдарда қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға, этносаралық татулықты сақтауға және «Қоғамдық келісім» КММ қағидаттарын еңбек деңгейінде ілгерілетуге бағытталған маңызды институт болып табылады.
