Ақсақалдар кеңесі

Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ жанынан Ақсақалдар кеңесі жүйелі түрде жұмыс істейді.

Құрылымы:
Өңірде барлығы 21 Ақсақалдар кеңесі қызмет атқарады, оның ішінде:

  • 1 – облыстық деңгейде;
  • 3 – қалалық деңгейде;
  • 17 – аудандық деңгейде.

Құрамы:
Кеңес мүшелерінің жалпы саны – 175 адам.

Төрағасы:
Нұғыман Ермек Бекенұлы.

Негізгі қызмет бағыттары:

Ақсақалдар кеңесінің қызметі қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастар тәрбиесін күшейту және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Іске асырылатын жобалар мен жұмыстар:

  • «Адал азамат» жобасы аясында тәрбиелік кездесулер, ашық әңгімелер, пікір алмасулар ұйымдастырылып, жастарға патриотизм, адамгершілік, білімге құштарлық, кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтары насихатталады;
  • «Дана сөз — дара жол» өңірлік жобасы шеңберінде ақсақалдар мен жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу және тағылымдық сұхбат алаңдарын дамыту жұмыстары жүргізіледі;
  • «Салауатты сана — 5 кеселге қарсы» жобасы аясында жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында іс-шаралар өткізіледі;
  • «Даналық көпірі» жобасы арқылы ақсақалдар мен жастар арасында кездесу, өмірлік тәжірибе алмасу, елдік құндылықтарды дәріптеу жұмыстары жүзеге асырылады.

Қорытынды:

Ақсақалдар кеңесі қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, рухани сабақтастықты сақтауға және жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын қоғамдық институт болып табылады.