Әзербайжандар қауымдастығы

Ақмола облысындағы «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы 2008 жылғы 25 наурызда тіркелген. Мекенжайы: Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі 2/5 (213 каб.). Бірлестіктің мәртебесі – облыстық.

Бірлестік төрағасы – Шихалиев Назим Абы-оглы. 2016 жылдан бастап ұйымды басқарып келеді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, қайырымдылық бағытындағы іс-шараларды тұрақты ұйымдастырады.

Бірлестіктің құрамында 53 мүше бар. 1 штаттық қызметкер жұмыс істейді. Ұйым «Қоғамдық келісім» КММ орналасқан, материалдық базасы шектеулі. Қаржыландыру демеушілік көмек және жекелеген іс-шаралар бойынша облыстық бюджет арқылы жүзеге асырылады.

Бірлестіктің негізгі мақсаты – әзербайжан диаспорасын дамыту, ұлтаралық татулық пен достықты нығайту, жастарды патриоттық және адамгершілік рухта тәрбиелеу.

Негізгі қызмет бағыттары:

  • қайырымдылық қызметті дамыту;
  • этносаралық келісімді сақтау және нығайту;
  • әзербайжан этносы өкілдерінің қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын арттыру;
  • мәдени іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастыру.

Бірлестік мемлекеттік органдармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта. Атап айтқанда, облыстық «KO’KS’E (Қазақстан Көкшетау)» телеарнасымен бірлесіп, Алғыс айту күніне арналған ағартушылық жұмыстар жүргізілді.

«Қоғамдық келісім» КММ-мен өзара іс-қимыл аясында бірлестік Алғыс айту күні, Қазақстан халқының бірлігі күні сияқты іс-шараларға қатысып, ұлттық мәдениет пен тағамдарын таныстырады. Сондай-ақ, жастар қанатының өкілдері өңірлік деңгейдегі іс-шараларда белсенділік танытуда.

Бірлестік басқа этномәдени ұйымдармен, оның ішінде «Санги Кабуд» тәжік этномәдени орталығымен бірлескен іс-шаралар өткізеді.

Сонымен қатар, ұйым Әзербайжан Республикасының өкілдерімен ынтымақтастық орнатып, мәдениет, туризм және сауда салаларында өзара әріптестік туралы келісімдер жасасқан.

Бірлестік қызметі өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, этностар арасындағы достықты дамытуға және мәдени әртүрлілікті сақтауға бағытталған.