«Мәміле» сөйлесу клубы

Ақмола облысында мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту бағытында «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Мәміле» сөйлеу клубы және мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы жұмыс істейді.

«Мәміле» сөйлеу клубы туралы

2023 жылғы 13 қаңтарда мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту мақсатында «Мәміле» сөйлеу клубы ашылды.

Клубтың алғашқы жетекшісі:
Тарасова Милана Анатольевна – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 4 курс студенті (ұлты орыс).

Қазіргі жетекшісі:
Турсиметова Нилуфар Азизқызы.

Қатысушылар саны:
30-дан астам тыңдаушы.

Негізгі мақсаты:
Мемлекеттік тілді үйренушілердің коммуникативтік дағдыларын дамыту, тыңдап-түсіну және еркін сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру, тілдік кедергіні азайту, сөздік қорды кеңейту.

Нәтижелері:
Клуб қатысушыларының бірқатары өз жұмыс орындарында мемлекеттік тілде еркін сөйлеу деңгейіне қол жеткізген.

Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығы туралы

Орталық 60 этномәдени бірлестіктердің жастарын біріктіріп, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.

Көшбасшысы:
Турсиметова Нилуфар Азизқызы.

Қатысушылар:
20 жас – өзге этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгерген жастар.

Қызмет нәтижелері:
Орталық аясында 165-тен астам іс-шара өткізіліп, 5 500-ден астам адам қамтылған.

Іске асырылған жобалар:

  • «Үйде сөйле» – балаларға арналған викториналар мен экскурсиялар, 6 бейнеролик;
  • «Мың бала» – мектептерде тілдік челлендждер мен іс-шаралар;
  • «Qazaq Time» – 26 бейнесабақ;
  • «Этно-View» – этнос өкілдерінің қазақ тіліндегі 7 бейнематериалы;
  • «Жастар LIFE» – жастардың шығармашылығы туралы 9 бейнеролик.

Қорытынды:

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі. Аталған жобалар жастардың мемлекеттік тілді меңгеруіне және оны күнделікті өмірде қолдануына ықпал етіп, қоғамдағы рухани бірлік пен татулықты нығайтуға қызмет етеді.