Татар және башқұрт бірлестігі

Ақмола облысының «татар және башқұрт бірлестігі» қоғамдық бірлестігі 2016 жылғы 12 қазанда тіркелген. Мекенжайы: Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі 2/5. Бірлестіктің мәртебесі – облыстық.

Бірлестік төрағасы – Сулькарнаев Рафаил Саитұлы. 2015 жылдан бастап ұйымды басқарады. Еңбек өтілі 50 жылдан асады. Қоғамдық қызметі үшін «Бірлік» алтын медалімен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және халықаралық марапаттармен наградталған.

Бірлестіктің құрамында 80-ге жуық мүше бар. Штаттық қызметкерлері жоқ. Ұйым Достық үйінде орналасқан. Қаржыландыру демеушілік көмек және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауы арқылы жүзеге асырылады.

Бірлестіктің негізгі мақсаты – этностар арасындағы өзара түсіністік пен келісімді нығайту, татар халқының тілін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрлерін сақтау және дамыту.

Негізгі қызмет бағыттары:

  • жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу;
  • этносаралық достық пен бірлікті нығайту;
  • татар мәдениетін жаңғырту және насихаттау;
  • мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру.

Негізгі жобалары мен іс-шаралары:

  • ұлттық мерекелер: «Сабантуй», «Чак-чак байрамы»;
  • мәдени кездесулер мен кештер: «Дуслашу», «Мен яратам сине Кокшетау»;
  • татар киносы онкүндіктері, әдеби кештер;
  • көрнекті тұлғаларды еске алу шаралары (Ғ.Тоқай, М.Жалиль және т.б.).

Бірлестік жанынан «Галиябану» фольклорлық ансамблі, би ұжымдары, театрлық топтар және жастар қанаты белсенді жұмыс істейді.

Бірлестік «Қоғамдық келісім» КММ-мен, білім беру ұйымдарымен және басқа этномәдени бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта.

Сонымен қатар, ұйым Татарстан Республикасымен байланыс орнатып, Қазан қаласында өтетін Дүниежүзілік татар конгресіне қатысады және мәдени алмасу жобаларын жүзеге асырады.

Бірлестік қызметі өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, этностар арасындағы достықты дамытуға және ұлттық мәдени мұраны сақтауға бағытталған.