«Хатиква» еврей мәдени орталығы

Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 2000 жылғы 28 қаңтарда тіркелген. Мекенжайы: Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі 2/5 (207 каб.). Бірлестіктің мәртебесі – облыстық.

Бірлестік төрағасы – Погребицкий Владлен Владимирович. Жоғары білімді, қоғамдық және кәсіпкерлік салада тәжірибесі бар. 2017 жылдан бастап төраға болып сайланған. Оның басшылығымен ұйым қызметі жанданып, этномәдени бірлестік өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып келеді.

Бірлестік құрамында 50-ге жуық мүше бар. Штаттық қызметкерлері жоқ. Ұйым Достық үйінде орналасқан, материалдық-техникалық базасы шектеулі. Қаржыландыру демеушілік көмек арқылы жүзеге асырылады.

Бірлестіктің негізгі мақсаты – еврей халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтау және дамыту, сондай-ақ ұлтаралық келісімді нығайту, толеранттылықты қалыптастыру.

Бірлестіктің негізгі қызмет бағыттары:

  • еврей халқының тарихы мен мәдениетін зерделеу және насихаттау;
  • мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізу (дәрістер, көрмелер, кездесулер);
  • ұлттық мерекелерді ұйымдастыру және атап өту (Рош-а-Шана, Песах, Пурим, Ханука);
  • клубтық жұмыстарды дамыту («Хозяюшка», «Цимес», «Шалом, мишпаха, иуди»);
  • облыстық және қалалық мәдени іс-шараларға қатысу.

Бірлестік «Қоғамдық келісім» КММ-мен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа этномәдени бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар, ұйым «Сохнут» халықаралық ұйымымен бірлесіп мәдени-ағартушылық және білім беру бағытында жұмыстар атқарады.

Бірлестік қызметі өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, этностар арасындағы достықты дамытуға және мәдени мұраны сақтауға бағытталған.