Ақмола облысында «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі 2021 жылы құрылып, облыс орталығы Көкшетау қаласында орналасқан.
Өкілдік құрамында этномәдени бірлестіктердің, студенттер, еріктілер, мектеп оқушылар, белсенді жастар 60-қа жуық белсенді жастары бар.
Филиал төрағасы — Сырым Беген, орынбасары — Давранов Махмуджан.
Ұйымның негізгі мақсаты — жастар арасында қоғамдық келісімді қалыптастыру, этносаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, мәдени білім беру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.
Негізгі жобалар мен іс-шаралар:
«Social jastar» — жастар бастамаларын қолдау және олардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру;
«Үйде сөйле» — жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау;
«Талантты жастар» — жас дарындарды анықтау және қолдау;
«Тәрбие басы — еңбек» — жастар арасында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу;
«Жаңа толқын» — жаңа тұлғаларын таныстыру, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау.
«Ассамблея жастары» өңір жастарының достығын, азаматтық белсенділігі мен елге деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту жолында бірлестік түрлі әлеуметтік, мәдени және білім беру жобаларын сәтті жүзеге асыруда.
