Басты бетЖаңалықтарҚоғамдық келісім мен ел бірлігі – Ұлттық Құрылтай шешімдерінің өзегі

Қоғамдық келісім мен ел бірлігі – Ұлттық Құрылтай шешімдерінің өзегі

ҚХАА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында V Ұлттық Құрылтайдың маңызы, қабылданған шешімдердің қоғам өміріндегі рөлі және оларды іске асырудың нақты тетіктері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар Ұлттық Құрылтай шешімдерінің қоғамдық келісімді нығайту мен ел бірлігін сақтаудағы орны айрықша екенін атап өтті.

Отырыстың жұмысына «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов, Ақмола облысы Ақсақалдар — Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов, сондай-ақ, ҚХАА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, облыстық Ақсақалдар кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Сонымен қатар, Zoom платформасы арқылы қалалық және аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары онлайн форматта қосылып, өз пікірлерін білдірді.

Күн тәртібінде Ұлттық Құрылтай шешімдерінің қоғамдық маңызы және оларды іске асыру жолдары, ардагерлер институтының қоғамдағы орны мен тәрбиелік рөлі, ғылыми қауымдастық пен жоғары оқу орындарының қоғамдық дамуға қосатын үлесі, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен аналар институтының рухани жаңғырудағы маңызы секілді өзекті мәселелер қаралды.

Жиын барысында сөз алғандар Ұлттық Құрылтайда көтерілген бастамалар елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталғанын, әсіресе қоғамдық келісім, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани құндылықтарды сақтау мәселелері Ақсақалдар кеңесінің қызметімен тығыз үндесетінін атап өтті. Ардагерлер институтының жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеудегі маңызына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ ғылыми қауымдастық пен жоғары оқу орындарының қоғамдық сана қалыптастырудағы рөлі, отбасы институтын нығайту, ананың қоғамдағы мәртебесін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Отырыс қорытындысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстарын білдірді. Ақсақалдар кеңесінің алдағы уақытта да қоғамдық келісімді нығайтуға, ел бірлігін сақтауға бағытталған жұмыстарды жалғастыра беретіндігі атап өтілді.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала