Басты бетЖаңалықтарБірлік күніне орай өткен «Достық добы» турнирі мәресіне жетті

Бірлік күніне орай өткен «Достық добы» турнирі мәресіне жетті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Көкшетау қаласында этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар арасында «Достық добы» I қайырымдылық волейбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайту, этнос өкілдері арасындағы достықты арттыру және қайырымдылық мәдениетін дәріптеу. Турнир бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды.

Салтанатты шарада Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Турнирге өңірдегі бірқатар этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың командалары қатысты.

Атап айтқанда:
– «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі;
– «Ақмола облысының орыс орталығы» қоғамдық бірлестігі;
– «Ақмола облысының «Видергебурт» неміс орталығы» қоғамдық бірлестігі;
– «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі;
– Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы қоғамдық бірлестігі;
– Ақмола облысы Аналар кеңесі (екі команда);
– «Ақмола облысының «Манас» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі.
Жарыс барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін паш етті. Әр кездесу спорттық рух пен достық атмосферасында өтті.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік командалар марапатталды.

І орын – «Ақмола облысының орыс орталығы» қоғамдық бірлестігіне бұйырды.
ІІ орын – «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігіне табысталды.
ІІІ орын – Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамына берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірілді.

Бұл турнир – спорт арқылы бірлік пен достықты нығайтудың айқын үлгісі. Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала