«Қоғамдық келісім» КММ конференц залында өткізілген іс-шара Журналистер күні қарсаңында ұйымдастырылды.
Жиынға республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, БАҚ-тың қоғамдағы рөлі, конституциялық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ этномәдени бірлік пен татулықты нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов ашып, журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады. Ол ақпарат сапасы мен жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстарды кеңінен ақпараттандырудың өзектілігіне тоқталды.
Журналистер клубының төрағасы Гүлбаршын Салық БАҚ-тың рөлі туралы баяндама жасап, «Қоғамдық келісім мен бірлік тақырыбы – журналистиканың маңызды әрі болашағы зор бағыты» екенін айтты.
Іс-шара барысында ашық пікірталас өтіп, журналистер өзекті мәселелерді талқылады. Қатысушылар ақпарат тарату, аудиториямен байланыс және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында қоғамдық келісімді нығайту және осы бағыттағы жұмыстарды ақпараттық тұрғыда насихаттауға үлес қосып жүрген белсенді журналистер марапатталды. Іс-шара фотосессиямен аяқталды.




