Басты бетЕңбек ассамблеясы«Kazrost Engineering Ltd» компаниясында референдум бойынша ақпараттық кездесу өтті

«Kazrost Engineering Ltd» компаниясында референдум бойынша ақпараттық кездесу өтті

Үстіміздегі жылдың 3 наурызында «Kazrost Engineering Ltd» жеке компаниясында алдағы референдумға байланысты еңбек ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шара барысында қызметкерлерге референдумның маңызы, оның ел дамуына ықпалы және дауыс беру тәртібі туралы кеңінен мәлімет берілді.

Кездесуде сөз сөйлеген «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қ. Шақшақов:
«Референдум – халықтың өз таңдауын жасап, елдің болашағына тікелей ықпал ету мүмкіндігі. Әрбір азаматтың дауысы маңызды. Біз мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын тарихи кезеңде тұрмыз. Сондықтан бұл саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысу – ортақ парызымыз», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, медиация кеңесінің мүшесі Г. Яндиев пен компания басшылығы да референдум азаматтардың ел өміріндегі маңызды шешімдерге тікелей қатысуының тиімді тетігі екенін жеткізді.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кездесу еңбеккерлердің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталды.

Іс-шара соңында компания ұжымына ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанда белсенділік таныту қажеттігі жеткізілді.

Тақырып бойынша
spot_img

Ұқсас мақала

Соңғы мақала