Ғылыми-сараптамалық топ

Ғылыми-сараптамалық топ (ҒСТ) – «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы этносаралық қатынастар және қоғамдық келісім саласындағы қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ететін, талдау, кеңес беру және болжау жұмыстарын жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган.

Төрағасы:
Утегенов Марат Зеннатұлы – «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Қашықтықтан білім беру технологиялары орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
(2022 жылғы қаңтардан бастап)

Құрамы:
Ғылыми-сараптамалық топ құрамына жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдары, сарапшылар мен мамандар кіреді (шамамен 14 адам). Топ төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және мүшелерден тұрады.

Негізгі мақсаты:
«Қоғамдық келісім» КММ саяси және азаматтық институт ретіндегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлін күшейтуге жәрдемдесу, сондай-ақ өңірдегі этносаралық және қоғамдық процестердің даму үрдістерін бағалау және болжау.

Негізгі қызмет бағыттары:

  • Этносаяси үрдістерді талдау: өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, конфессияаралық және этносаралық ахуалға мониторинг жүргізу және сараптамалық бағалау;
  • «Қоғамдық келісім» КММ қызметін ғылыми сүйемелдеу: «Қоғамдық келісім» КММ қызметіне ғылыми-талдамалық қолдау көрсету, ұсыныстар әзірлеу;
  • Стратегиялық құжаттарды зерделеу: «Қоғамдық келісім» КММ бағдарламаларын іске асыруға қатысу, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған ұсыныстар дайындау;
  • Аналитикалық қызмет: қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша сараптамалық материалдар әзірлеу.

Қызметінің ерекшелігі:
Ғылыми-сараптамалық топ тұрақты негізде жұмыс істейтін аналитикалық орган болып табылады. Топтың басты мақсаты – өңірдегі этносаралық татулықты сақтау және нығайту бойынша ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға ықпал ету.

Ұйымдастырушылық негізі:
ҒСТ өз қызметін бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады. «Қоғамдық келісім» КММ өңірдегі этносаяси процестер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бағыттары бойынша сараптамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Ғылыми-сараптамалық топтың шешімдері ұсынымдық сипатта болады.