Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ жанынан Ақсақалдар кеңесі жүйелі түрде жұмыс істейді.
Құрылымы:
Өңірде барлығы 21 Ақсақалдар кеңесі қызмет атқарады, оның ішінде:
- 1 – облыстық деңгейде;
- 3 – қалалық деңгейде;
- 17 – аудандық деңгейде.
Құрамы:
Кеңес мүшелерінің жалпы саны – 175 адам.
Төрағасы:
Нұғыман Ермек Бекенұлы.
Негізгі қызмет бағыттары:
Ақсақалдар кеңесінің қызметі қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастар тәрбиесін күшейту және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Іске асырылатын жобалар мен жұмыстар:
- «Адал азамат» жобасы аясында тәрбиелік кездесулер, ашық әңгімелер, пікір алмасулар ұйымдастырылып, жастарға патриотизм, адамгершілік, білімге құштарлық, кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтары насихатталады;
- «Дана сөз — дара жол» өңірлік жобасы шеңберінде ақсақалдар мен жастар арасында ұрпақтар сабақтастығын нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу және тағылымдық сұхбат алаңдарын дамыту жұмыстары жүргізіледі;
- «Салауатты сана — 5 кеселге қарсы» жобасы аясында жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында іс-шаралар өткізіледі;
- «Даналық көпірі» жобасы арқылы ақсақалдар мен жастар арасында кездесу, өмірлік тәжірибе алмасу, елдік құндылықтарды дәріптеу жұмыстары жүзеге асырылады.
Қорытынды:
Ақсақалдар кеңесі қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, рухани сабақтастықты сақтауға және жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын қоғамдық институт болып табылады.
