«Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары В.Антипова Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелеріне арналған «Мұражай экспонаттарындағы соғыс жаңғырығы» шеберлік сағаты мен «20 ғасырдағы тарих залынада» экскурсия өткізді.
А.ж. 9 сәуір күні «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары В.Антипова Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелеріне арналған «Мұражай экспонаттарындағы соғыс жаңғырығы» шеберлік сағаты мен «20 ғасырдағы тарих залынада» экскурсия өткізді.
Халық жүріп өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын ешқашан ұмытпайды. Оның ауыр зардаптары біздің санамызда мәңгі қалады, қазіргі ұрпақты елдегі бейбітшілікті, бірлікті, тұрақтылықты бағалауға және әрқашан жарқын болашағымызды қорғауға дайын болуға шақырады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына арналған шығармашылық ұжымдар республикалық фестивалінің өңірлік кезеңі аясында Көкшетау қаласында Ақмола ассамблеясы өнерпаздарының байқауы өтті.
Байқауға Көкшетау және Степногорск қаласының этномәдени орталықтарының ән және би ансамблдерінің мүшелері қатысты. Елімізде алғашқы рет ұйымдастырылған фестиваль ережесі бойынша өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңге қатысуға жіберіледі. Мәдениет саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасының шешімімен Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі жанындағы «Ғалиябану» халық және «Йолдыз» би ансамблі, Ақмола облысының орыс қауымы бірлестігі жанындағы «Русская песня» халық ансамблдері 2 дәрежелі дипломдармен, ал Ақмола облысының поляктар бірлестігі жанындағы «Степове квяты» ансамблі, Степногорск қаласының «60+» би ұжымы 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Ал бірінші орынға «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» және «Реченька» әндерін орындаған «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» бірлестігінің мүшесі Эвелина Титова лайқты деп табылып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Мәдениет және мұра – Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» жобасы аясында Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз әралуандылықта» шарасы өтті.
Бүгінде Қазақстан – әр этностың мәдениеті ортақ байлықтың бір бөлігі болып табылатын бейбітшілік, достық және келісім мекені ! Соның бірі, өзбек этномәдени орталығы ұлттық бірегейлікті сақтаудың және мәдени мұраны келесі ұрпаққа берудің жарқын үлгісі болып табылады.