Рахмет саған, Анашым…

2019 жылғы 26 мамыр күні «Ақмола облысының поляктар бірлестігі» ҚБ Ана күніне арналған іс-шара өткізді. Ана күні – бұл ең жақын да қымбатты адам, біздің аналарымызға арналған өте шуақты әрі жүрекке жақын мейрам.

«Жер бетінде қасиетті сөздер бар. Сондай қасиетті, жылы, жұмсақ сөздің бірі – «АНАШЫМ» сөзі». Жүргізушілер мерекені осы сөздерден бастады. Іс-шара «PannaWiosna» және «Тәж киген ана мен қыз»  байқауының нәтижелерін жариялаумен жалғасын тапты.

Толығырақ

Соңғы қоңырау — тамаша мектеп шағының аяқталу белгісі

2019 жылғы 26 мамыр күні «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде оқу жылының аяқталуына орай «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы өтті. Әлдекім жазғы каникулдан кейін күш жинап мектепке оралса, енді бірі оның қабырғасын тастап, «түлек» деген зор атақ алады.

Мерекеге қатысып отырған меймандар балаларға сәттілік тіледі. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият ЮсуповнаТохаева өз сөзінде былай деп атап өтті: «Тілдік мектеп – ерекше мектеп. Онда әр түрлі этностың тоғыз тілі меңгеріледі. Бүгінде мемлекет саясаты, елдің Тұңғыш президенті Н.А. Назарбаев арқасында әр этностың өз ана тілін оқып-үйренуге мүмкіндігі бар. Әрбір этностың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне сый-құрмет көрсететін ел бүкіл әлемге нағыз достық пен бірліктің үлгісін көрсетеді. Мектепті бітірген әр түлек өз жолын таңдайды. Қай жолды таңдаса да, бастысы әрқашан өз елінің патироты болып қала беру».

Оқуында табысқа жетіп, қоғамдық белсендігі үшін «Шаңырақ» мектебінің шәкірттеріне алғыс хаттар табысталды. Ұстаздардың да еңбегі елеусіз қалмады.

Толығырақ

Кирилл және Мефодий жолымен

Жыл сайын 24 мамыр күні Славян жазуы мен мәдениеті күні атап өтіледі. Бұл мейрамның бастауы славян әліпбиін құрастырушылар Кирилл және Мефодийді ұлықтаумен байланысты.

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Достық үйінде Славян жазбасы мен мәдениеті күніне арналған іс-шара өтті. Оны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымы», «Чуваш этномәдени орталығы», «Рiдный кут» украин этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктері, «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің Ақмола филиалы ұйымдастырды.

Толығырақ

Отбасылық тілдесу клубының үздік ұйымы

Ағымдағы жылдың 16 мамыры Көкшетау қаласының № 1 құрылыс техникалық колледжінде «Отбасылық тілдесу клубының үздік ұйымы» атты облыстық байқау өтті. Оған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшелері шақырылды. Іс-шара Халықаралық отбасы күніне орайластырылды.

Байқауға Ақмола облысының аудандарынан және Көкшетау мен Степногор қалаларынан 16 клуб қатысты. Оның негізгі мақсаты – отбасылық демалысты ұйымдастырудың жаңа үлгілерін дамыту, отбасы әлеуетін шығармашылық іске асыру үшін жағдай жасау. Отбасылық тілдесу клубы жанұяның бірігуіне септесіп, үйлесімдік қарым-қатынастарды сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Елдің бақыты мен бейбітшілігі мейірімді аналардың қолында!

15 мамырдың көктемгі ашық таңында Достық үйі қонақтарды қарсы алды. Айналаның бәрі мейірімді көздерден, күлкіден, жарқын жүздерден жарқырап тұрғандай болды. Бүгін Ақмола өңірінің ең белсенді әйел кісілері және Көкшетау қаласының оқу орындарындағы қыздар клубының өкілдері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесінің облыстық форумына жиналды.

Форумға Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев назар салды. Ол құттықтау сөз сөйлеп, форум қатысушыларына өңіріміздің дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хаттар табыстады. Марапатталғандар арасында Аналар кеңесінің төрайымдары, жұртшылық өкілдері болды. Сондай-ақ Халықаралық отбасы күніне орай, елу жылдан астам бірге болған Қайыржановтар жұбына астау тарту етілді.

Толығырақ

Болашақ алдындағы жауапкершілік

А. ж. 29 сәуірінде Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың 2019 жылғы 9 маусым күнгі ҚР Президенті сайлауына қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға этносаясат мәселелері бойынша сарапшылар, Көкшетау қаласының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты.

Толығырақ

КТИ курсанттарының Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы өкілдерімен кездесуі

А.ж. 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының ұжымы қонақтарды қарсы алды. «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы А. Артеменко және  «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ    төрағасы У. Шоназаров Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы баяндап, 1 мамыр мерекесін атап өтуден алған әсерлерімен бөлісіп, Ұлы Жеңіс күнін атап өтуге арналған жоспарлары жайлы әңгімеледі.

Толығырақ

Жеңімпаздар марапатталды!

А. ж. 28 сәуірінде «Қажымұқан» спорт залында 14 сәуір күні  өткен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубогына шағын-футболдан турнир жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Спорттық жарысқа жұмыс істейтін жастар арасынан 6 команда қатысты: ҚХАА, «Айбын», «Централка», «Самрұқ», УССО (Ақмола облысының Ішкі істер басқармасы) және «Жанғыру жолы» жастар қозғалысы.

Толығырақ

Бір шаңырақ астында

Достық үйінің қонақжай шаңырағының астында ү.ж. 20 сәуірінде этномәдени бірлестіктердің «Бір шаңырақ астында» атты  фестивалі өтті. Оның бағдарламасына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен Достық үйі этномәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының нөмірлері кірді.

Бұл ән  мен би мерекесінің  Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткендігін ерекше атап өткен жөн. Өйткені достық, келісім және бірлік біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының бақытты болашағының кепілі саналады.

Толығырақ

1 79 80 81 82 83 91