«Этносаясат: өңірлік тәжірибе»
А.ж. 9 қыркүйегі күні Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының курс тыңдаушыларына «Этносаясат: өңірлік тәжірибе» тақырыбында дәріс оқып берді.
Отбасы – қоғам негізі
2019 жылғы 7 қыркүйек күні Достық үйінде Отбасы күніне арналған «Бақытты шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ ұйымдастырды.
Жиналғандар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы А. Артеменко және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Е. Мащинская құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел
А.ж. 3 қыркүйегі Көкшетау қ. Достық үйінде «Этномәдени бірлестіктердің адалдық қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері, Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Қатысып отырғандарға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева құттықтау сөзін арнады. Ол Президенттің Қазақстан халқына жолдауында жұмыстың басым бағытының бірі ретінде жемқорлықпен күрес аталғанына назар аударды. Мұнда көп жұмыс қоғамның белсенділігіне байланысты, ал Ассамблея «қоғамдық келісім институты ретінде бірлік пен келісім идеяларының берік негізі мен сенімді таратушысы болып қызмет етеді».
Президент жолдауын талқылау
2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын арнады. Халық Президент үндеуін шабыттана қабылдады. Белсенді өмірлік ұстанымы бар барша Қазақстан азаматы өз пікірлерін білдіруде. Жолдау еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, кәсіпорын мен ұйымдарда талқыланып жатыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясы аясында 10 мың оқушыға 200 млн. теңгенің көмегін көрсетті
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынан айрылған оқушыларға 200 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының өңірлік филиалдары арқылы жыл сайын әлеуметтік қолдау ұйымдастырып, тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балаларына қол ұшын созуды дәстүрге айналдырып келеді. Тамылжыған тамыздан басталып, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын биылғы науқанға да бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетіп отыр.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жақсылық жасап жарысқандар арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 23 тамызда «Достық» үйінде ұйымдастырылған қайырымдылық шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев пен «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Зиятдин Касанов 100 балаға кеңсе тауарлары мен киім-кешек сыйлап, 2 700 000 теңгеге түскі ас ұйымдастырылды.