Достық үйінде Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ким Роман Ухенович, республикалық «Коре ильбо» газетінің бас редакторы Ким Константин Станиславович және Республикалық корей жастары қозғалысының төрағасы Кон Валерий Ақмола облысының «Чинсон» корей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерімен кездесуі өткізді.

«Қоғамдық келісім» басшысы Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы қонақтарды өңірілік Ассамблея қызметімен таныстырып, «Чинсон» облыстық корей бірлестігінің лайықты жұмысын атап өтті.
Қауымдастық мүшелері Қазақстан корейлер қауымдастығы құрылымы, атқарып жатқан шаралары, Алатау қаласының және К-парк құрылысы жобалары және жастармен жұмыс жайлы айтты.
Жалпы, кездесу сындарлы диалог форматында өтті.

Достық үйінде Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай Ақмола облысы ІСБ басшысының орынбасары, ҚХАА хатшылығының меңгерушісі С.Кенжебаевтың төрағалығымен ҚХАА жанындағы Журналистер клубы отырысы өтті.

Отырыс барысында бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарына азаматтық институт ретінде қоғамдық пікірді қалыптастырудың ерекше миссиясы жүктеліп отырғаны жайлы айтылып, Журналистер клубы мүшелерінің жұмысы талқыланды.

Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жолындағы қызметін насихаттап, айшықты көрсетуге қосқан үлесі үшін және Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қ.Сейтмагамбет Қазақстан халқы Ассамблеясының және бір топ клуб мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» XXVIII сессиясы өтті.

 

Бүгін облыс әкімі, ҚХАА төрағасы Марат Мұратұлы Ахметжановтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» XXVIII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ақмола ҚХА мүшелері, Ақмола ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Сессияда ҚХА депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Шиповских Геннадий Геннадьевич, Ақмола ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыман, Қазақстан Республикасының ізгі ниет елшісі, “Құрмет” және “Достық” ордендерінің иегері Сергей Цырульников, поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская және “Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” ЗТБ мүшесі, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Дмитрий Майер сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі өзінің тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, алға жылжу үшін берік моральдық негіз қалыптастырды деген пікірде болды. Біздің бірлігіміз – ұрпақтардың күш-жігерінің нәтижесі және болашақтың негізі.

Отырыс соңында бір топ Ассамблея белсенділері “Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталды.

Қосшы қаласында «ОТБАСЫ-мейірім мекені» атты облыстық форумы өтті.

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Аналар кеңесі» төрайымы Шанаи Назипа Ыдырысқызы мен Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Күзембай Бекайдар Нығметұлы қатысуымен өтті.Форум модераторы-Ақмола облысы әкелер одағының төрағасы Нұршәріпұлы Сәндібек болса, Ақмола облысы Аналар кеңесінің төрайымы-Жахина Айнұр Құрманбайқызя облыс аналарының жобаларымен жұмыстары жайлы баяндама оқыды.

Форумның негізгі мақсаты-отбасы татулығы дәріптеу. Елдің мықты, алтын деңгегінің берік болуы- әр отбасында тәрбиеленіп өскен азаматтарға байланысты. Отбасы-мәдениет пен адамгершілікті, қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптерге сүйенеді.
Аудан мен қаладағы «Аналар кеңесі» және «Әкелер одағының» басшылары мен мүшелері қатысып, Бурабай ауданы аналар кеңесінің төрайымы Хамзина Гаухар Орынғалиқызына “Ел анасы” номинациясы және Целиноград ауданы аналар кеңесі төрайымы Төлегенова Мухтарима Бекішқызы “мейірімді ана “номинациясымен марапатталды.
Сонымен қатар, облыстағы үлгілі отбасыларға Қосшы қаласынан Бозымбай отбасы, Аршалы ауданынан Аманғалиевтар, Ақкөл ауданынан Тойшыбай отбасы, Целиноград ауданынан Шаяхметовтар, Шортанды ауданынан Әленовтер отбасыларына өткен халықаралық отбасы күніне орай алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

Top