Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығына арналған шығармашылық ұжымдар республикалық фестивалінің өңірлік кезеңі аясында Көкшетау қаласында Ақмола ассамблеясы өнерпаздарының байқауы өтті.
Байқауға Көкшетау және Степногорск қаласының этномәдени орталықтарының ән және би ансамблдерінің мүшелері қатысты. Елімізде алғашқы рет ұйымдастырылған фестиваль ережесі бойынша өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық кезеңге қатысуға жіберіледі. Мәдениет саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасының шешімімен Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі жанындағы «Ғалиябану» халық және «Йолдыз» би ансамблі, Ақмола облысының орыс қауымы бірлестігі жанындағы «Русская песня» халық ансамблдері 2 дәрежелі дипломдармен, ал Ақмола облысының поляктар бірлестігі жанындағы «Степове квяты» ансамблі, Степногорск қаласының «60+» би ұжымы 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Ал бірінші орынға «Бұл ән бұрынғыдан өзгерек» және «Реченька» әндерін орындаған «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» бірлестігінің мүшесі Эвелина Титова лайқты деп табылып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Мәдениет және мұра – Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» жобасы аясында Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Бірлігіміз әралуандылықта» шарасы өтті.
Бүгінде Қазақстан – әр этностың мәдениеті ортақ байлықтың бір бөлігі болып табылатын бейбітшілік, достық және келісім мекені ! Соның бірі, өзбек этномәдени орталығы ұлттық бірегейлікті сақтаудың және мәдени мұраны келесі ұрпаққа берудің жарқын үлгісі болып табылады.
ҚХАА Аналар кеңесінің Әжелер мектебінің мүшелері «Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні» жобасы аясында «Еркемай» балабақшасында ою-өрнектер бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Іс-шара барысында әжелер балабақша тәрбиеленушілерімен түрлі ою-өрнектерді жасап, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасаудың жолдарын меңгерді.
Түрлі ою-өрнектерді жасау барысында балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, қолөнермен танысу мүмкіндігі пайда болды. Осындай іс-шаралар арқылы халқымыздың бай мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру маңызды болып табылады.
ҚХАА жанындағы Көкшетау қаласы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – ұлт болмысының тірегі» атты қыздар клубтары арасындағы фестиваль өткізілді.
ҚХАА жанындағы Көкшетау қаласы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – ұлт болмысының тірегі» атты қыздар клубтары арасындағы фестиваль өткізілді. Фестиваль қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жастар арасында кеңінен насихаттау, мәдени мұраға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Фестиваль жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.