«Көненің ізі – салт-дәстүрдің көзі»

Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің «Көненің ізі – салт-дәстүрдің көзі» атты қорытынды іс-шарасы өтті. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 27-жылдығы мен ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің құрылуына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Толығырақ

Ән өнеріне жарты ғасырлық қызмет

8 желтоқсан күні Достық үйінің қонақжай сахнасында «Русская песня» ансамблінің ән орындаушысы Татьяна Балабурдинаның шығармашылық қызметіне 50 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өткізілді.

Сахна ардагерін құттықтауға бұл күні «Көкшетау» мәдениет сарайы ардагерлер хорының ерлер вокалды тобы, «Ғалиябану» вокалды ансамблінің мүшелері, «Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары бірлестігі» ҚБ өкілдері және «Русская песня» ансамблі мүшелері келді.

Толығырақ

Көкшетау қаласының Достық үйінде «Қазақстан халықтарының ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті

Өткен сейсенбі күні «Полимәдени кеңістік: Қазақстан халықтарының фольклорын зерттеу» атты тақырыпта Көкшетау қаласының Достық үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде балаларға арналған «Қазақстан халықтарының ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ

«Біздің Президентіміз қоғамдық бірліктің формуласын қалыптастырды…»

Көкшетау қаласының қонақжай Достық үйіне бірінші желтоқсан күні жиналған – мектеп оқушылары, ата-аналар, студент жастар, казак ұйымдары өкілдері үшін ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шарамен есте қалды.

Дөңгелек үстел жиынын ұйымдастырған Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен төрағасы Геннадий Осиненко болып табылатын «Ақмола облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ.

Толығырақ

1 желтоқсан – ҚР Тұнғыш Президент күні

Толығырақ

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXI сессиясы барысында «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров облыс әкімі Мәлік Мырзалинге Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы футбол командасының капитаны болуды ұсынды!

Өзінің «Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХVI сессиясында берген тапсырмаларын орындау бойынша, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы» тақырыбындағы баяндамасында облыс әкімі Мәлік Мырзалин, Мемлекет басшысының берген тапсырмалары негізіндегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін келтіріп, 100-ден астам этнос өкілі өмір сүретін, 53 этномәдени бірлестік тіркелген Ақмола облысының еліміздегі ең полиэтникалық аймақ саналатынын атап өтті.

Толығырақ

Құттықтаймыз!

2018 жылғы 16 қараша күні Астана қаласында Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы қазақстандық моделіне арналған жыл сайынғы Республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталған «Полиэтникалық қоғам және қазіргі заманғы мемлекет: даму стратегиясы» атты ғалымдар мен сарапшылардың Форумы өтті.

Толығырақ

Құттықтау

2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласында өткен «ҚХА үздік медиаторы» байқауының салтанатты марапаттау рәсімінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Прокопенко Леонид Андреевичтің қолынан, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті және медиация институтын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚХАА халықтық медиаторы  – Сыздықова Ғайша Ибрагимқызы марапатталды.

Толығырақ

Форум ученых и экспертов «Полиэтничное общество и современное государство: стратегии развития»

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы Көкшетау қаласында мерекелік іс-шара ұйымдастырды

«Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күні және Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекелеріне орайластырылған Көкшетау қаласының «Достар» МС өткен іс-шара әсем көрініске айналды.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31