Қайталанбас полонез, екпінді краковяк және Достық үйінің поляк балаларының керемет вокалы!

Өткен сәрсенбі күні  Достық үйінде шетелдік әртістер поляк әндерінің харцерлік ансамблі және «Плоцка балалары» би ұжымының қатысуымен, этномәдени бірлестіктердің, қаланың поляк диаспорасы өкілдерінің, студент жастар, мектеп оқушыларының, шақырылған қонақтардың басын қосқан тамаша концерт орын алды.

Дәл осындай атаулы қалада 1946 жылы  Поляк харцерлері одағының белгілі скаут шебері Вацлав Милькенің ұйымдастырумен ертеден келе жатқан «Плоцка балалары» балалар ұжымы құрылды. Ең танымал ән мен би ансамблінің құрамында бес жастан бастап жиырма жасқа дейінгі балалар бар.

Толығырақ

Балаларға бірге көмектесейік!

Қос балаға  мейірімділік сыйлайық,

Шарлар мен белгішелер сатып алып!

Өмірлерін көңілге қайта толтырайық,

Көмекке асық достым, жүрме қапы қалып!

Толығырақ

Елбасы бастамаларын талқылады…

ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын талқылау бойынша облыстық Қоғамдық келісім кеңесі және ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың бірлескен кеңейтілген отырысының барысы қызу пікірталас алаңына айналды.

Іс-шараның модераторы ҚХАА төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов болды.

Толығырақ

Анаға тағзым

Ана – ұлттың мұрагері ұрпақты тәрбиелейтін, отбасының ғана емес, ұлттың ұйытқысы болар ардақты тұлға. Қоғамдағы әйел-ананың мәртебесін, құрметін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтқан алғашқы «Анаға тағзым» слетінің берер ғибраты мол.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен алқалы жиында қазіргі қоғамдағы ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз баланың тәрбиесі, отанның іргетасы отбасылардың беріктігіні сақтау мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдар мен қоғамның назарын отбасылық құндылықтарға аударту, олардың нақты жолдары мен шешімдерін жасақтау мақсатында Ақтөбеде Қазақстандағы тұңғыш «Аналарға тағзым» рухани – тәрбие беру орталығы мен аналар аллеясы ашылды. Игі бастаманың орталығы аналар алдындағы парызды өтеудің бір көрінісі іспетті. Бұл орталықта ардақты аналарымыздың ерліктері, өнегелі істері, көп бала өсіріп, өмірі өзгелерге үлгі болған аналар туралы, олардың бала тәрбиесіндегі озық болған тәжірибелері жайлы материалдар жинақталып, болашақ ұрпаққа тәлім – тәрбие беретін үлкен мұражай жасақталды.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жалпыұлттық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін сауалнама жинайды

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы немқұрайлы емес адамдарды жас балаларға  қаржылай көмек беруді сұрайды:

Хабарландыру!

«Астана – бейбітшілік бесігі» жалпықазақстандық ашық диктантының қорытындылары

Чак-Чак Байрамы тағы да бәрінің басын қосты!

Өткен сенбі күні Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында жыл сайынғы дәстүрлі «Чак-Чак Байрам» күзгі мерекесі атап өтілді.

Мерекелік іс-шара Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары бірлестігі, ҚХАА, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен өтті.

Толығырақ

Ақмола ҚХА Бурабайда өткен «Nomad Food» халықаралық гостраномиялық фестиваліне қатысты!

«Nomad Food» Бірінші Халықаралық Гастрономиялық Фестивалі WORLDCHEFS Бүкіләлемдік аспазшылар қауымдастығының қамқорлығымен щучье-бурабай курорттық аймағында өткізіліп, кәсіби аспазшылар мен гурмандарды бір дастархан басына жинады.

Фестивалдің ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин қатысты.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24