«Этносаясат: өңірлік тәжірибе»

А.ж. 9 қыркүйегі күні Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының курс тыңдаушыларына «Этносаясат: өңірлік тәжірибе» тақырыбында дәріс оқып берді.


Толығырақ

Отбасы – қоғам негізі

2019 жылғы 7 қыркүйек күні Достық үйінде Отбасы күніне арналған «Бақытты шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ ұйымдастырды.

Жиналғандар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы А. Артеменко және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Е. Мащинская құттықтау сөз сөйледі.


Толығырақ

Дөңгелек үстел

А.ж. 3 қыркүйегі Көкшетау қ. Достық үйінде «Этномәдени бірлестіктердің адалдық қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері, Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.


Толығырақ

Президент жолдауын талқылау

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын арнады. Халық Президент үндеуін шабыттана қабылдады. Белсенді өмірлік ұстанымы бар барша Қазақстан азаматы өз пікірлерін білдіруде. Жолдау еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, кәсіпорын мен ұйымдарда талқыланып жатыр.


Толығырақ

Согласие между социальными и этническими группами – это результат совместного труда

Президент нашей страны Касым-Жомарт Токаев сегодня впервые выступил с Посланием к народу Казахстана. В  своем Послании Президент затронул актуальные вопросы социально-экономического развития страны, а также определил задачи по дальнейшему повышению благосостояния населения.


Толығырақ

ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ – ЖАҢА БАҒДАР

Міне, әлгінде ғана «Достық үйінің» үлкен залында теледидардан Парламенттің каникулдан кейінгі алғашқы сессиясын, онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенті ретіндегі Қазақстан халқына жасаған тұңғыш Жолдауын көріп, тыңдадық. Әрине, бұл өзі осыған дейінгі мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына жан-жақты талдау жасайтын, әсіресе алдағы уақытқа ауқымды бағыт-бағдар айқындайтын дәстүрлі шара екені белгілі ғой. Сондықтан да халықтың оны асыға күтетіні, мейлінше үлкен үміт артатыны түсінікті болса керек.

Толығырақ

Полностью поддерживаю идею создания совета общественного доверия…

Первое послание нового Президента – довольно смелое обращение к депутатскому корпусу, исполнительной власти, общественным организациям и, конечно же, к нам, народу Казахстана.

Это план действия нашего общества на ближайшее время. Мне понравился спокойный, уверенный тон, каким наш Президент, не оглядываясь на прошлое, ставит перед страной масштабные задачи.


Толығырақ

Послание будет воспринято благоприятно…

2 сентября т.г. Касым-Жомарт Кемелевич Токаев впервые в качестве Президента Республики Казахстан выступил с Посланием народу Казахстана на совместном заседании палат Парламента. Он озвучил ряд инициатив (5 блоков): 1.Меры, направленные на повышение эффективности государственного управления; 2.Обеспечение прав, свобод и безопасности граждан; 3.Создание развитой и инклюзивной экономики; 4. Модернизация социального обеспечения населения; 5.Укрепление регионов.


Толығырақ

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясы аясында 10 мың оқушыға 200 млн. теңгенің көмегін көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынан айрылған оқушыларға 200 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының өңірлік филиалдары арқылы жыл сайын әлеуметтік қолдау ұйымдастырып, тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балаларына қол ұшын созуды дәстүрге айналдырып келеді. Тамылжыған тамыздан басталып, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын биылғы науқанға да бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетіп отыр.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жақсылық жасап жарысқандар арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 23 тамызда «Достық» үйінде ұйымдастырылған қайырымдылық шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев пен «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Зиятдин Касанов 100 балаға кеңсе тауарлары мен киім-кешек сыйлап, 2 700 000 теңгеге түскі ас ұйымдастырылды.


Толығырақ

«Менің елімнің Конституциясы» дөңгелек үстелі

28 тамызда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Қазақстан Республикасының Консититуциясы күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестік, қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Конституция – еліміздің негізгі заңы болғандықтан, бүгінде біз, тәуелсіз Қазақстанның халқы, бәріміз де бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудеміз. Өміріміз Конституция арқасында қорғалған.


Толығырақ

Top