Президент жолдауын талқылау

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын арнады. Халық Президент үндеуін шабыттана қабылдады. Белсенді өмірлік ұстанымы бар барша Қазақстан азаматы өз пікірлерін білдіруде. Жолдау еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, кәсіпорын мен ұйымдарда талқыланып жатыр.

А.ж. 4 қыркүйегінде Қоғамдық келісім сарайында дөңгелек үстел басына облыстық Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік пен ҚХА құрылымдарының өкілдері, «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубының оқытушылары, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, ЭМБ мен «Жаңғыру жолы» АЖҚ жастары жиналды.

Президент жолдауын талқылау іс-шарасының модераторы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева болды. Ол Жолдаудың негізгі ойлары туралы айтып, қоғамдық келісім институты ретіндегі Ассамблеяның рөліне басымдық берді.

«Дөңгелек үстел» барысында облыстық ассамблеяның мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов, «Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі» ҚБ төрағасы Рафаил Сулькарнаев, ҚХАА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың төрағасы, ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ардақ Қапышев, «Ақмола облыстық «Видергебурт» немістер қоғамы» ҚБ төрайымы Светлана Корнеева, халықтық медиатор Ғайша Сыздықовалар сөз сөйледі.

Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Президент жолдауы барлық уақыт талабы мен қоғам үмітіне жауап береді деген пікірге келді. Сондай-ақ өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру аясында Президент жолдауы оның жүргізіп жатқан саясатының жүйелілігі мен бірізділігін көрсеткені атап өтілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы қазақстандық қоғам күткен мәселелерге жауап берді. Оның сөйлеген сөзіндегі бастамалар Президент қарапайым адамдардың мәселелері туралы біліп отыратынын, елдің тамырын дөп басатынын және Жолдау болашақтағы нақты іс-қимыл жоспары екенін сенімді түрде дәлелдеді.