Ана үйінде «Мейірімді қолдар» қайырымдылық акциясы өтті

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы шеберлер одағының мүшелерінің және Аналар кеңесі бастаған топ Көкшетау қаласындағы Ана үйінде «Мейірімді қолдар» қайырымдылық акциясын өткізді.

Ақмола ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Қиықова Зере сөз бастап, жас аналарға жігерлі болуға, тек алға қарап, жарқын болашаққа ұмтылуға кеңес берді. Сонымен қатар арнайы алып келген сыйлықтарын тарту етіп, шынайы ықыласын білдірді. Оның ішінде ерекше көзге түскен қазақ халқының қолөнер бұйымы, төрге төселетін құрақ көрпе. Қолөнер бұйымы әйел затына тән шыдамдылық пен үнемшілдіктің, әсемдікке деген сүйіспеншіліктің символы ретінде Ана үйінің төріне төселді.

Толығырақ

Біржан сал ауданында Аналар кеңесі ашылды

Біржан сал ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ауданда Аналар кеңесінің ашылуының салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова құттықтау сөз сөйлеп, ақ тілегін жаудырды. Отбасы құндылығы, ене мен келін, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынасты қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы негізінде тарқатып, аудан әкіміне «Аналар мейірімі» эмблемасын тарту етті.

Толығырақ

Медиация күні қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясында облыстық семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 1 тамыз күні ҚХАА-да Республикалық Бірыңғай Медиация күні қарсаңында «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік салаларындағы медиация институтының рөлі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

2018 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР-ның Заңына өзгертулер енгізуге қол қойып, соның арқасында Ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік салаларында медиацияны дамыту ісіне жәрдемдесу механизміне айналды.

Толығырақ

Зеренді ауданында «Қоғамның рухани тәрбиесі-отбасынан» атты облыстық конференция өтті

Ағымдағы жылы Зеренді ауданында «Қоғамның рухани тәрбиесі-отбасынан» атты облыстық конференция өтті. Бұл отбасылық конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Отбасы әлемі» жобасын жүзеге асыруда облысымызда бірінші рет өткізілді. Шара облыстық ішкі саясат басқармасы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Шаңырақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар бұл іс шараны өткізуге «Шаңырақ» әлеуметтік психологиялық және зерттеу орталығы, «Ана үйі» қоғамдық қоры, Зеренді ауданының әкімдігі және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» белсене атсалысты.

Толығырақ

Ақмола облысында Қазақстан халқы ассамблеясының «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты республикалық тарихи-экологиялық акциясының 3-ші кезеңі аяқталды

9-16 шілде аралығында Ақмола облысыны ҚХА-ның «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясының 3-ші кезеңі өтті. «Жаңғыру жолы»ЖҚ облыстық штабының мүшелері Біржан сал, Бұланды, Бурабай аудандарының киелі орындарына барды. Атап айтсақ Біржан сал ауданында орналасқан Қоғам ауылындағы Шаймерден Қосшығұлов атындағы мұражайда, Степняк қаласындағы Біржан сал зираты мемориалдық кешенінде, Бұланды ауданындағы Балуан Шолақ зиратының культтік кешенінде, Қарасай, Ағынтай батырлардың мемориалды кешенінде, Айғаным, Ботай киелі қоныстарында экспедиция жүргізді.

Толығырақ

«Қоғамдық келісім» КММ-де «Астана-тәуелсіздік» символы атты фотокөрме өтті

Бүгін 5 шілдеде «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астана-тәуелсіздік символы» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Мерекелік іс-шараны көруге этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жоғары техникалық оқу орнының курсанттары, қала қонақтары мен тұрғындары келді.

Толығырақ

Қазақстан халқы ассамблеясының акциясы

Биыл ҚР Президентінің жарлығы бойынша 1 шілде Ұлттық домбыра күні болып бекітілді. Қазақстан халқы ассамблеясы «Ұлттың саз байрағы-домбыра» атты бастаманы көтеріп, барлық елімізде акция өткізуге ұсыныс тастады.

Көпұлтты еліміздің барлық перинталдық орталықтарында акция өткізілді.1 шілде «Ұлттық домбыра күні» тұңғыш дүниеге келген барлық сәбилерге қазақ халқының қасиетті домбырасы сыйға тартылды.

Толығырақ

Ұлттық домбыра күнінің құрметіне Әли есімді сәбиге қасиетті домбыра сыйға тартылды

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұжымы ұлттық аспап мейрамының құрметіне Көкшетау қаласында орналасқан Ақмола облысы Перинталдық орталығында бірінші шілдеде тұңғыш дүниеге келген Әли есімді сәбиге домбыра сыйлады.

Толығырақ

«Жұлдыздар» триосы I орынды иеленіп, жеңіспен оралды

Ағымдағы жылы Астана қаласында «Майра» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Л.М Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Жұлдыз болғың келсе» атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасында ән байқауы өтті. Бұл конкурсқа еліміздің әр түкпірінен келген талантты балалар мен жасөспірімдер қатысты. Сахнаға көтерілген жас өнерпаздардың қай-қайсысы болсын осал болған жоқ. Десек те, талабы зор жасөспірімдер арасында ерекше көзге түскен Ақмола облысының «Жұлдыздар» триосы «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша I орынды иеленіп, жеңіспен оралды.

Толығырақ

Сабантой-2018 Көкшетауда

Сабантой мерекесі татар-башқұрт халықтарының ежелден келе жатқан  ұлттық мерекесі. Жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын еңбек мерекесі биыл да аталып өтті. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары бірлестігі ұйымдастырған  «Сабантой» мерекесі ағымдағы жылдың 17 маусымында «Бұқпа» тауының баурайында тойланды. Мерекені тойлауға этномәдени орталықтардың төрағалары, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары келді.

Толығырақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24