«Таза Қазақстан»

Былтыр Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының бастамасымен Достық үйі жанында жас көшеттер отырғызылып «Халық достығы» сквері ашылған. Осы игі шараға облысымыздың этномәдени бірлестіктерінің мүшелері белсене қатысқан болатын.
Бүгіндері жас желектер тамыр жайып, жайқалып, айналамызға көрік бере бастады. Әрине, ағаш отырғызу бір реттік акция болмай, оны жыл бойы күтіп, баптаудың нәтижесі екені даусыз. Скверды аббатандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биыл елімізде маңызы зор «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатқаны баршамызға аян. Бұл бүгін бастап, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес, жұмыс тұрақты түрде жүргізілетіні сөзсіз.
Аталған акция бізді туған елімізге қамқорлық жасауда біріктіреді. Біз жасыл, таза ел үшін бірге ортақ іс атқарып гүлденген туған жерді сақтауға болашақ ұрпақ алдындағы борыштымыз.

«Руна жазулары»

Бүгін Достық үйі алаңында «Руна жазулары» атты түркі жазбалары күндеріне арналған фестиваль өтті.
Түбі бір түрік халықтарының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, өркениеті мен мәдениетіне арналған шараға Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысып, көрме ұйымдастырды. Фестиваль барысында әр этнос өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин фестивальге қатысушыларды құттықтап, жиналған қауымға тамыры терең, тарихы ортақ халықтың бір шаңырақ астында берекелі өмір сүріп жатқанын атап, іс-шараға белсенді қатысқан этномәдени орталықтарды облыс әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Бүгінгі іс-шара халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге, қоғамдағы бірлікті, өзара түсіністікті, келісім мен ынтымақтастықты нығайтуға негізделген Отанға деген сүйіспеншілік мұраттарын ілгерілетуге қызмет ететіні сөзсіз.

«Текемет басудан» шеберлік сағаты

Бүгін сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі Гүлнар Орынбаева өз әріптестеріне «Текемет басудан» шеберлік сағатын берді. Шеберлеріміз қабырғаға ілетін кішкентай пано жасап үйренді.
Ылғалды киіз басудың негізгі тәсілі – жүн талшықтарын араластыру және өзара ену үшін сабын ерітіндісін пайдаланады. Бұл қылдар арасындағы үйкелісті айтарлықтай азайтады.Сонымен қатар, ыстық су әсерінен жүннің талшықтары айтарлықтай ұзарады – бұл табиғи қасиеті. Киізден кейін өнімді жақсылап шаю және кептіру керек, бұл ретте, ол құрғаған кезде жүн қылдары бастапқы ұзындығына оралуға тырысады, бірақ содан бері киіз басу кезінде олардың ұштары оралып, сабын ерітіндісі жойылады, содан кейін жоғарыда аталған «құлыптар» оларды мықтап ұстайды, бұл киізді сақтауға мүмкіндік береді киіз басу кезінде қалыптасады.
Жүнді киіз басу – матаға киіз басу үшін жүннен өрнектер жасалатын қолөнер бұйымдары немесе киіз, көлемді ойыншықтар, паннолар, сәндік бұйымдар, киімдер немесе аксессуарлар жасайтын ерекше әдіс. Киіз басу – жер бетіндегі ең көне тоқыма өндірісі.

1 маусым балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері Іскер әйелдер қауымдастығы, «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы, Көкшетау «Газелисттер клубы» және «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрайымы, Ақмола ҚХА төрағаның орынбасары, Медетова Тожибуви Усмановнаның қатысуымен «Көкшетау балалар психоневрологиялық мекемесі» ММ тәрбиеленушілері үшін мереке ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясы аясында Ақмола ҚХА төрағасының орынбасары, «Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрайымы Медетова Т.У. балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті.

Балғын балалар – біздің болашағымыз

Достық үйінде Балаларды қорғау күніне арналған «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік бағдарлама өтті.
Шара барысында «Әлем бала көзімен» тақырыбында сурет көрмесінен ұйымдастырылған байқауға қаламыздағы көркемсурет студияларының кішкентай суретшілері өздерінің шығармаларын арнайы дайындап әкелді. Байқаудың мақсаты шығармашылық жұмыстар жасау арқылы балалардың қоршаған әлем туралы түсініктерін қалыптастыру, балалардың бойындағы ерекше қабілеттерін анықтау болатын.
Балаларға арналған мереке әнмен, бимен жалғасын тапты, мультфильм кейіпкерлері (аниматорлар) балалармен бірге түрлі ойындар ойнатып, би билетіп көңілдерін көтерді.
Бағдарлама соңында байқауға қатысқан балалар сыйлықтармен мараптталды және осы мерекеге арнайы демеушілік көрсеткен «Тәп-тәтті» ЖШС директоры Нуртазина Айгуль кішкентай бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтарын ұсынды.
«Адамның бір қызығы бала деген» – деп ұлы дана кемеңгер Абай айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы. Балаларымызға бақытты балалық шақ тілейміз.
Top