1 маусым балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күніне орай Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері Іскер әйелдер қауымдастығы,«Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы, Көкшетау «Газелисттер клубы» және “Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы” ҚБ төрайымы, Ақмола ҚХА төрағаның орынбасары, Медетова Тожибуви Усмановнаның қатысуымен «Көкшетау балалар психоневрологиялық мекемесі» ММ тәрбиеленушілері үшін мереке ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясы аясында Ақмола ҚХА төрағасының орынбасары, “Ақмола облысының өзбек этномәдени орталығы” ҚБ төрайымы Медетова Т.У. балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті.