«Есірткіге «жоқ!» – деп айт»

«Қоғамдық келісім» КММ-де «Зерделі Ұрпақ» ЖҚБ жетекшісі, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Оразбаева Гульнара Какеновнаның ұйымдастырумен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай әлеуметтік форум театрының қатысуымен «Есірткіге «жоқ!» – деп айт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара спикерлері: полиция Департаментінің подполковнигі Курсанова Р.Т., жоғары санатты психотерапевт Высоцкий А.А., заң ғылымдарының магистрі Наурызбаев Е.А. психология магистрі, Бала қауіпсіздігінің сертификатталған тренері Оразбаева Г.К.
Дөңгелек үстел қатысушылыры студент жастары, формалды емес топ көшбасшылары, «қауіпті топ» жасөспірімдері және т.б. Жасөспірімдердің назарына Әлеуметтік театр қойылымдары ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселеленің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол — әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері — шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.
Жаман әдеттерден аулақ болайық!

Шортанды ауданына іс-сапар

Бүгін, Шортанды ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының іс-сапары барысында, Дамса ауылдық округ әкімдігінде жергілікті аудан тұрғындарымен, аудан қоғамымен және жастармен кездесу өтті.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Г.Сабирова қатысушыларға этносаралық қатынастар, этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жеткізді.
«Жастар Ассамблеясы» Ақмола облысы РҚБ өкілдігінің мүшесі Р.Борисовский жалпыұлттық бірлікті нығайту және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмысы туралы айтып берді.
Осы кездесуге Шортанды ауданы прокурорының орынбасары, полиция бөлімі бастығының орынбасары, әкімдік және ІСБ қызметкерлері қатысты.
Кездесу соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

«Үйде сөйле» жобасы жалғасын табуда

Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-і Көкшетау қаласы тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 25 маусым күні Васильковский шағын ауданы 35 тұрғын үй кешені ауласында «Үйде сөйле» жоба аясында викторина ұйымдастырды.
Жоба аясында тұрғындар және балалар арасында қазақ ұлтық музыкалық аспаптар, киіз үйдың жабдықтары, қазақша сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды. Әнші-бишілер өнерлерін ортаға салып, танымды іс-шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.

«Бірлігіміз әр алуандықта»

Достық үйіне саяхат.
25 шілдеде ҚХА «Бірлігіміз әр алуандықта» жобасы аясында Көкшетау қаласының №9 мектеп оқушылары үшін Достық үйінде экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ маманы Слұхан Юмашева оқушыларды Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметімен таныстырып, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының кабинеттеріне экскурсия өткізді. Экскурсия соңында балалар үлкен экранда мультфильм тамашалады.

Медиация кеңесінің конференциясы

Бүгін «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ өкілдерінің, біздің өңіріміздің медиаторларының, ҚХАА Медиация кеңесі мүшелерінің, «Қоғамдық келісім» КММ мамандарының және ішкі саясат бөлімдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» тақырыбында конференция өтті.
Қауымдастық төрағасы Сабыржан Қалмұханбетов медиацияны дамытудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру жөнінде сөз сөйледі. Медиация кеңесінің мүшесі, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Г. Нұрманова сот жүйесіндегі медиацияның рөлі мен дамуы туралы айтып берді. Медиация кеңесінің мүшесі, Щучинск қаласындағы №9 мектеп гимназиясының директоры Б. Көшекова мектеп медиациясына көбірек көңіл бөлу, бұл мәселеде ата-аналарды тарту қажеттілігі туралы мәселені көтерді. «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы Е.Закирьянов аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамдық бірлестіктердің, атап айтқанда «Аналар кеңесі» мен «Әкелер одағының» өзара іс-қимылын жандандыруды ұсынды. Медиация кеңесінің мүшесі Ф. Есжанова өңірдегі қоғамдық медиаторлар қызметіндегі проблемалар туралы айтты. Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Ж.Нұржанова және медиация кеңесі төрайымының орынбасары С.Ильясова некені бұзу туралы мәселелерді қарау кезінде медиаторлардың белсенді қатысуын атап өтіп, олардың отбасын сақтаудағы рөлін атап өтті.
Медиация кеңесінің төрайым Г. Мәдиева конференцияны қорытындылады, медиация саласындағы статистиканы айтты, медиаторлардың мәртебесі мен рөлін заңнамалық деңгейде арттыру және оларды жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау қажеттігі туралы тілегін білдірді.
Top