«Есірткіге «жоқ!» – деп айт»

«Қоғамдық келісім» КММ-де «Зерделі Ұрпақ» ЖҚБ жетекшісі, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Оразбаева Гульнара Какеновнаның ұйымдастырумен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай әлеуметтік форум театрының қатысуымен «Есірткіге «жоқ!» – деп айт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара спикерлері: полиция Департаментінің подполковнигі Курсанова Р.Т., жоғары санатты психотерапевт Высоцкий А.А., заң ғылымдарының магистрі Наурызбаев Е.А. психология магистрі, Бала қауіпсіздігінің сертификатталған тренері Оразбаева Г.К.
Дөңгелек үстел қатысушылыры студент жастары, формалды емес топ көшбасшылары, «қауіпті топ» жасөспірімдері және т.б. Жасөспірімдердің назарына Әлеуметтік театр қойылымдары ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселеленің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол — әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері — шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.
Жаман әдеттерден аулақ болайық!