Этномәдени бірлестік туралы мәлімет

Атауы: «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі

Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2011 жылдың 2 тамызында құрылды.

Төрағасы: Қиықов Мейрамбек Қиықұлы. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып табылады.

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: Жастар, оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалар арасында мәдени-ағарту және тәрбие-адамгершілік жұмыстарын бірлесіп жүргізу үшін облыстық және қалалық білім, мәдениет және тілдерді дамыту басқармаларымен,жоғары оқу орындары мен ОКОО-облыстың (аудандардың) мәдениет және спорт мекемелерімен, діни бірлестіктермен әріптестік байланыстар ұйымдастыру.

Ресурстық базасы: «Қоғамдық келісім» КММ жанында «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ кабинеті жұмыс істейді, төрағасы «Асық ату» ҚБ президенті болып табылады, сондай – ақ №3 «Дарын» мектеп-интернатының базасында «Сұрмерген»  клубы жұмыс істейді , айына бір рет «Көкше дидары» газеті шығарылады.

Негізгі жобалары:  «Қ.И. Сәтпаев-20 ғасырдың ұлы ғалымы», «Р. Елебаева елі», «Алтын сақа», «Алтын адам» жобаларының авторы.

Жетістіктері: Қиықов Мейрамбек Қиықұлы өз еңбегі үшін Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Социалистік жарыстардың жеңімпазы» төсбелгісімен, «Нұр Отан» ХДП төсбелгісімен марапатталды, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.

Байланыс ақпараты: 25-35-96, ұялы телефон 8-777-882-67-13, 8-702-218-50-22


 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.