Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Бүгін Көкшетау қаласының Аналар кеңесінің төрайымы Сейдалина Найля Ибрагимовна №4 ЖББМ мектептің оқушыларына «Анаға құрмет» тақырыбында ашық алаң өткізді.
Отбасындағы ана мен әке рөлінің ажырамастығын, бала тәрбиесіндегі ананың рөлі бөлек екені, Ана барлық отбасы үшін сарқылмас энергетикалық қуаныштың, сұлулықтың, жарықтың көзі екенін ұғындыру мақсатында балаларға «Ана» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? «Ана» сіздерге кім? «Отбасында қандай мерекелерді бірге атап өтесіздер?» және т.б. сауалдар қойылды?
Халық «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Жас шыбық қалай иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Балаларымызды, жас ұрпақты жақсы әдетке ғана жетелейік.