ҚХА-ның XXXI сессиясындағы Президенттің сөйлеген сөзі талқыланды

А.ж. 5 мамырда «Қоғамдық келісім» КММ-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзін талқылау бойынша ҚХАА ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Оған ҒСТ мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, облыстық Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Негізгі баяндаманы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы КУ доценті Марат Өтегенов жасады. Шара қатысушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.А.Артеменко, У.Ф.Шоназаров, Г.И.Яндиев, ҚХАА аналар кеңесінің төрайымы А.С.Жазиева және т.б. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысын қолдады.

                                         

                                 

Отырысқа қатысушылар мақсаты әрбір азаматқа тең мүмкіндік беретін жаңа Қазақстанды, әділ әрі дамыған мемлекетті құру болып табылатын сессия қорытындылары, Президенттің саяси реформаларды жүргізу бойынша сөйлеген сөзінің негізгі ережелері, конституциялық реформалар туралы  халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу керек екендігін айтты.

Түсіндіру жұмыстарына облыстық ассамблея мүшелері орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде де белсенді атсалысуы тиіс. Сөз сөйлеушілер бүгінгі күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өзі қайта жандандыруды қажет ететінін, оның қызметінде формализмді болдырмау, мемлекеттік құрылымдар, этномәдени бірлестіктер, ҚХАА қоғамдық құрылымдарымен жұмыста нәтижеге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.